$ 478.93  534.96  5.16

Заттыбек Көпбосынұлының қарт әкесі өлең оқып, елді елең еткізді (ВИДЕО)

Əкеңіз 100 жасай берсін! 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Халыққа «Ақмаржан» әні арқылы танылған әнші Заттыбек Көпбосынұлы желіге әкесінің видеосын жариялап, халықтың ықыласына бөленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлгі видеода әншінің әкесі ақындардың өлеңдерін айтып отыр.

«Әкемнің есте сақтау қабілеті бізден жақсы. Бала күніндегі ауыл ақындарының өлеңін жатқа біледі әлі күнге дейін», – деп жазды Заттыбек Көпбосынұлы.

Желі қолданушылары Қазақстан эстрада жұлдызының әкесіні жылы лебізін білдірді.

«Әкеңіз жүз жасасын», «Қарияларымыз аман болсын», «Əкеңіз 100 жасай берсін! Алла əлі де болса күш-қуат берсін», «Ақсақалға амандық тілеймін», «Біз мектептегі өлеңдерімізді ұмытып қалған адамбыз. Мына кісі бала күнгісін әлі біледі» десті көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары