Басқа кезде бақыт, сыйластық және махаббат.
Әнші Ерке Есмаханнан Instagram-да оқырмандарының бірі күйеуі екеуі қаншалықты жиі ренжісетінін сұраған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әншінің жауабына көзжүгіртсек, Райым екеуі өзара түсіністікте өмір сүреді.
"Құдайға шүкір, ұрыспаймыз. Анда-санда менің еркелігім ұстап қалады, кейде Райымның қызғанышы кеп қалады. Басқа кезде бақыт, сыйластық және махаббат", - деп жауап берді әнші.