$ 494.87  520.65  4.91

«Неке жаңғырту рәсімін жасадық»: Қыдырәлі мен Қарақат күміс тойын дүркіретіп атап өтті (ВИДЕО)

Осыдан 25 жыл бұрын әншілердің некесін қиған Лесбай қажы да тойға арнайы келіп, неке жаңғырту рәсімін жасаған. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал өнерлі жұп Қыдырәлі мен Қарақат 25 жылдық күміс тойларын дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сонымен қатар, шаңырақ көтергендеріне 25 жыл болған Қыдырәлі Болман мен Қарақат Әбілдина балаларымен бірге күміс тойларында неке қию рәсімін өткізді.

– Жар-жар деп кіріп келген жас жұбайлардың сәлемін қабыл алыңыздар!
Салтанатты неке қию рәсімі! 
Қуанышымызға ортақтасып ақ тілегін арнап жазып жатқан жақсы адамдарымызға алғыс! – деп жазды әнші Қарақат.

Осыдан 25 жыл бұрын әншілердің некесін қиған Лесбай қажы да тойға арнайы келіп, неке жаңғырту рәсімін жасаған. 

– 25 жыл бұрын некемізді қиған Лесбай қажы міне, бүгін, күміс тойымызға арнайы қонақ болып келіп, неке жаңғырту рәсімін жасадық. Бұл да Алланың бір жоспары, біздің отбасымызға деген ерекше сыйы деп білеміз. Тілегін жаудырған жақсы адамдарым сіздерге де осындай той жұғысты болсын! – деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 3
Күлкілі 6
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары