$ 494.87  520.65  4.91

«Тұрмысқа шығуға асықпаңыз...»: Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі қыздарға ақыл айтты

"Байға тию – бақытты болу деген сөз емес".

Фото: instagram.com/nurillaakbergen/
Фото: instagram.com/nurillaakbergen/

Жеке өмірін айтып, желіні шулатқан “Меломен” тобындағы әнші Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі, блогер Нұрилла Ақберен қыз-келіншектерге кеңес берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Блогер оқырмандарымен сырласып, тағы да тұрмысқа шығуға қатысты ойын айтып, бойдақ қыздарға кеңес берді. 

“Жүрек пен ми қалауын ажырата білсеңіз, қайбір істе, өмірлік маңызды шешімдерде, таңдауларда қателеспейтін боласыз. Байға тию – бақытты болу деген сөз емес. Тұрмысқа шығуға асықпаңыз дер едім. Қазір өзіңізбен өзіңіз бақытты бола алуды үйреніңіз. Ал өмірлік жарыңыз сізді бақыттырақ етеді. Өзіңізді сауатты тұрғыда жақсы көріңіз. Фокусты мақсатыңыз бен өзіңізге қоя біліңіз. Саяхаттаңыз. Айта берсем, кете береді”, – деп жазды блогер келіншек. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары