23.08.2024, 16:00

«Асағам мені көтерді көкке»: Мейрамбек Беспаев Асанәлі Әшімовке ән арнап, маңдайынан сүйіп алды(ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Қандай ерекше сәт, қандай құрмет. Асанәлі аға әбден лайық!

Қазақ эстрадасының шоқ жұлдызы Мейрамбек Беспаев аңыз актер Асанәлі Әшімовке ән арнап, ерекше құрмет көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мейрамбек Беспаев пен Асанәлі Әшімовтың видеосы Instagram желісінде пайда болды. Бейнежазбада әншінің той үстінде өнердегі ағасына ән шырқап жатқанын көруге болады. Беспаев Ғазизхан Шекербековпен бірге "Достарға" атты әнін сөзін арнайы Асанәлі Әшімовке сай өзгертіп орындаған. Артынан Мейрамбек Беспаев аңыз актерді маңдайынан сүйіп, құшақтап алған.

"Бір жауым мені күлкі қылғанда, мен үшін көкем жылап тұрады. Дұшпанға деген кетер бұл өкпе, достардың сөзі жетер жүрекке. Бір жауым мені жер қылған кезде, Асағам мені көтерді көкке", - деп шырқады әншілер.

Желі қолданушылары өнер иелерінің өзара сыйластығын көріп, тәнті болғанын жарыса жазуда.

"Жарайсыздар, Асанәлі аға мәз болып қалды", "Қандай ерекше сәт, қандай құрмет. Асанәлі аға әбден лайық", "Аңыз атамыздың жасы ұзақ болсын", "Аңыз актер мың жасасын", "Жараған екенсіздер", "Сыйластық деген осындай болу керек", - деп жазуда көпшілік.