Биылғы 13-14 қыркүйекте Астанада Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді. Қазақстанның халық әртісі «Astana Arena» стадионында «Stranger» атты жеке концертінде өнер көрсетеді.
Әнші Димаш Құдайберген Бәйдібек ауданындағы Ақмешіт үңгірінде кезекті бейнебаянын түсірді. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Димаш Құдайберген табиғаты керемет таңғажайып Ақмешіт үңгірін әлемге танытатын болды. Әншінің өңірімізге сапары, бейнебаян түсіру жұмысы тарихи-мәдени мұраның маңыздылығына, керемет табиғат көріністеріне назар аудартады. Сондай-ақ, алыс-жақын шет елдерден туристердің киелі мекенге көптеп келуіне септігін тигізіп, туризимнің дамыуына ықпал етеді» делінген Бәйдібек ауданы әкімдігі таратқан ақпаратта.
Фото: Бәйдібек ауданының әкімдігі
Биылғы 13-14 қыркүйекте Астанада Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді. Қазақстанның халық әртісі «Astana Arena» стадионында «Stranger» атты жеке концертінде өнер көрсетеді.
Ұлттық дыбыстық және қазіргі әуендік техника үйлесім тапқан әлемдік деңгейдегі шоуда дәстүрлі және заманауи стильдегі композициялар орындалады.
Ән кеші 8-13 қыркүйек аралығына жоспарланған V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «ДимашАли» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткізіледі.