Мақпал Исабекова Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарымен сырласты.
Отандық әнші Мақпал Исабекова көпбалалы ана болғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мақпал Исабекова Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарымен сырласты. Желі қолданушыларының бірі шоу-бизнес жұлдызының отбасылық өмірі туралы сөз қозғап, күйеуімен ажырасып кеткені рас па екенін білмек болды.
"Жоқ, үшіншісін туайық деп жатырмыз", - деп жауап берді әнші.
Оған қоса оқырмандардың бірі Исабековадан балаларының ұлты қандай екенін сұрады. Өнер иесі "әр түрлі" деп қысқа жауап қатты.