Әлгі видеосын көрген желі қолданушылары Динаның өжеттілігіне таңғалды.
Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген жаңа образымен елді елең еткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Журналист Instagram-дағы парақшасына батырдың киімімен түскен суретін жүктеген.
Дина Төлепберген видеода Нұрсүлтан Мейірбекұлының өлеңін оқыған.
«Менің ішкі жан-дүниеме сәйкес келетін киімді кидім-ау ақыры… Бірақ сенің сыртқы шүберегің емес, ішкі шымырлық пен шынайылығың маңызды. Қандай сынақ келмесін өз-өзіңді алға қарай қамшыла», - деп жазды ол.
Оның әлгі видеосын көрген желі қолданушылары Динаның өжеттілігіне таңғалды.
«Мықты қыз ғой, амандық тілейміз», «Халықтың қызы бола білдің», «Энергияңыз киімсіз-ақ шешіледі», «Тұнып тұрған мотивация ғой мына кісі» десті көпшілік.