27.08.2024, 23:30

Димаш Құдайберген шетелдік музыкалық шоуда «Алтын әуен» сыйлығын жеңіп алды

Фото: Weibo әлеуметтік желісінен

Бұл шоу қытайда көрілімі ең жоғары бағдарламалар қатарына жатады.  

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қытайлық телеарналарда өнер көрсетіп, тағы таңқалдырды. Осылайша жерлесіміз «Біздің ән» атты музыкалық шоуында шоуда «Алтын әуен» сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Шоуда Димаш қытайлық әнші Хуан Сяоюнмен бірге «Red Moon Rules» әнін орындаса, тағы бір қытайлық танымал әнші Гон Линнамен бірге «Become a Poet» әнін шырқады.

Димаш тек ән айтып ғана қойған жоқ, бағдарлама кезінде қытайлық әншілерге қазақ тілін үйретті. Ал, қытайлық әншілер Димашқа қытайша ән айтуына көмектескен.

Бағдарлама соңында, Димаштың орындауындағы «Become a Poet» әні алтыншы маусым алтыншы кезеңінің «Алтын әуені» сыйлығын жеңіп алды.

«Біздің ән» музыкалық телешоуының алтыншы маусымы 21 шілдеде көгілдір экраннан көрсетіле бастады. Бұл шоу қытайда көрілімі ең жоғары бағдарламалар қатарына жатады.