28.08.2024, 16:00

«Шын ғашықтар неге қосылмайды екен?»: Садраддиннің желідегі махаббат жайлы жазбасы қызу талқыға түсті

Фото: instagram.com/ sadraddin

Оқырмандардың кейбірі бұл сөздер әншінің жаңа әнінің мәтінінен алынған болуы мүмкін екенін алға тартты. 

Отандық жас әнші Садраддин әлеуметтік желіде жазба жариялады, ол өз сөзімен оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі Садраддин желіде махаббат жайлы сыр шертті.

"Арамызда драма кейде мелодрама… Шын ғашықтар неліктен қосылмайды екен?", - деп жазды ол.

Мұны оқыған желі қолданушыларының ойы сан-саққа жүгірді. Олар әншіге түрлі пікір жазып қалдырды.

Оқырмандардың кейбірі бұл сөздер әншінің жаңа әнінің мәтінінен алынған болуы мүмкін екенін алға тартты.