Ешқайсысына менің қатысым жоқ.
Танымал хитмен, Ерке Есмаханның күйеуі Raim оқырмандарына күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі өзінің атынан жалған парақша ашып, оқырмандарымен хат алмасып отыратын алаяқтарға ескерту жасады.
“Менде TikTok қосымшасы және TikTok парақшасы жоқ. Менің атымнан сурет, видео салып немесе менің атымнан сөйлеп, жауап беріп жатқан адамдарға сенбеңіздер. Raim деген парақшалардың ешқайсысына менің қатысым жоқ", – деп сақтандырды әнші.