29.08.2024, 18:40

«Не деген ұқсастық»: Мейрамбек Беспаевтан аумайтын азамат көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Мейрамбек ағамыз жалғыз емес екен...

Танымал әнші Ұланғасыр Қами Instagram желісінде Мейрамбек Бесбаевқа ұқсайтын азаматты көрсетті. Көпшілік кадрдағы ер адам мен әншінің ұқсастығына таңғалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұланғасыр Қами жариялаған видеода әншінің халық алдында өнер көрсетіп жатқанын байқауға болады. Бір сәтте кадрда қолына камера ұстаған бейтаныс азамат пайда болады.

"Мейрамбек Бесбаев ағамызға қатты ұқсайды екен", - деп жазды Ұланғасыр Қами.

Ал кадрда бой көрсеткен ер адамның аты-жөні Ерлан Нұртазаев болып шықты. Ол Ұланғасыр Қамидің жазбасына пікір қалдырды.

"Ассалаумағалейкум. Мен Мейрамбек Бесбаев емеспін, Ерлан Нұртазаев", - деді ол.

Ал көпшілік Ерлан Нұртазаев пен Мейрамбек Бесбаевтың ұқсастығына таңғалды.

"Ол кісі емес пе?", "Мейрамбек ағамыз жалғыз емес екен", "Өткенде мен де қатты ұқсаттым, тойдағы оператор ағай ғой", "Осы кісіні тауып, Мейрамбек ағамызбен кездестіріңізші", "Не деген ұқсастық", "Хит болады енді бұл кісі", "Аумайды екен", - деп жазды көпшілік.