Нұрғали ағаға осыған дейін бір емес, бірнеше рет (әкімдіктен де, меценаттар да) үй сыйлаған екен.
Әлеуметтік желілерде біраз уақыттан бері Қазақстанның халық әншісі Нұрғали Нүсіпжановтың үйсіз жүргені туралы ақпарат тарады. Осы жағдайға байланысты желі қолданушылары ардагер әншіні қолдап жазба жариялаған еді. Енді журналист Ася Асеткина желіде әншіні қолдап жазған постын өшіргенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Журналист әнші Нұрғали Нүсіпжановке бұған дейін әкімдіктен үй берілгені туралы жазды.
“Достар, мен Нұрғали Нүсіпжанов туралы постымды өшірдім. Себебі, ағаның жағдайын жақсы білетін кісілердің айтуы бойынша, Нұрғали ағаға осыған дейін бір емес, бірнеше рет (әкімдіктен де, меценаттар да) үй сыйлаған екен. Бірақ олардың, жас жұбайы Жадыра екеуі ол алған үйлерін қанағат тұтпай, қалаулары – Алматының жақсы ауданынан, үлкен үй алу екен. Анығын біліп алмай, асығыс пост салғаным үшін өздеріңізден кешірім сұраймын”, – деп жазды ол Facebook парақшасында.