31.08.2024, 06:30

Дина Төлепберген тағы елді аузына қаратты (ВИДЕО)

Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Күтіңіздер, алда жаңа жоба! 

Тележүргізуші Дина Төлепберген енді режиссер болып көрді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы журналистің өзі Instagram-дағы парақшасында жазды. 

“Бүгін режиссермін…Мидағы шектеулерді ысырып, кино алаңға келдім. Ескі дәурен, көне ғасыр, шынайылық шабыт сыйлады. Бір шеңберді айналып шаршадым ба, өзімді жаңа қырымнан көріп, тамсанып отырмын. Күтіңіздер, алда жаңа жоба! Жаңа деңгей, жаңа шың! Құтты қадамға қолдау білдірген кәсіби мамандарға мың алғыс!", - деді ол.