03.09.2024, 17:40

«Неке қиятын жер белгілі болды»: Актер Нұрсұлтан Жақсыген екінші рет шаңырақ көтермек

Фото:instagram.com/zhaksygen_n/

Дұғамды айтып жатқанда шынайы бақытты сезіндім, жүрекпен қабылдаған шешімнің барлығы Алланың қалауы екеніне көзім жетті. 

Танымал актер, блогер Нұрсұлтан Жақсыген екінші рет шаңырақ көтеретінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол Мекке қаласына қажылық сапарға аттанып, сол жақтан жақсы жаңалықты сүйіншіледі. 

“Love story мен неке қию рәсімі өтетін мекен белгілі болды. Таптым-ау, сені. Алланың қалауымен жүректер тыныштық табатын мекенге қайта келдім. Жаңбыр жауғанда дұғалар сөзсіз қабыл болады дейді. Жүрегімдегі барлық нәрсені айтып ерекше сезімде болдым. Түрлі сынақ келсе де мойымайтын мінез, жалғызсырамайтын жүрек бергеніне шүкір дейін. Дұғамды айтып жатқанда шынайы бақытты сезіндім, жүрекпен қабылдаған шешімнің барлығы Алланың қалауы екеніне көзім жетті. Кейде бізге ұнамайтын нәрселерге сабыр етсек, артында үлкен сый жататынын осында ұғындым”, – деп жазды актер.