04.09.2024, 04:30

«Миым мұны қабылдауға дайын емес»: Жұлдыз Әбдікәрімова жазбасымен елді ойландырып қойды

Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Уақыт қандай жүйрік...

Белгілі актриса, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова мектептегі жылдары туралы жан тебірентерлік жазба жариялап, уақыттың өткінші екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі үлкен қызын бірінші сыныпқа қалай апарғанын есіне алып, ыстық естеліктерімен бөлісті. Ал Сезім қазір 11-сынып оқушысы.

"Бұл қыз қазір өзіммен бірдей. Уақыт қалай тез зымырап өтіп жатыр. Менің санам мұны қабылдауға дайын емес. Ойласам көзіме жас келеді», - деді ол.