05.09.2024, 00:30

«Бақыттан бастары айналып жүр»: Желіде Қайрат пен Жұлдыздың видеосы тарады

Фото: видеодан скрин

Тіпті көпшілік оларды ажырасып кетті деп те топшалап үлгерді.

Белгілі әнші Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдыз Әбдікерімовамен  ел алдына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайрат Нұртас желідегі парақшасында Жұлдызбен романтикалық кеште би-билеп жүрген видеосын жүктеген.

Видеодан қос ғашықтық бір-біріне еркелетіп, бақыттан бастары айналып жүргенін байқауға болады. 

Айта кетейік, жұлдызды жұп бірнеше айдан бері бірге ел көзіне түспеген болатын.Тіпті Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамалғанда Жұлдыз балаларымен шетелде демалысқа кеткен. Тіпті көпшілік оларды ажырасып кетті деп те топшалап үлгерді.