$ 494.87  520.65  4.91

«Әбден тоздырдым»: Мақпал Жүнісова әлем аралаған тарихи образын көрсетті (ВИДЕО)

Союзға кіретін Республиканың өнер шеберлерімен өткен керемет 40 күн өте шықты. 

Фото: instagram/zhunusova.makpal
Фото: instagram/zhunusova.makpal

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова әлем аралаған кездерін еске алып, сахнаға киген тарихи көйлегін көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Халыңтың жүрегіне жол таба білген әнші бұл сахналық образын киіп, шет елдерді аралағанын айтты. Ол бұл көйлегін Шри-Ланка, Марокко және Үндістанға да киіп барған.

"Осы костюмді әбден тоздырып кидім. 1985-те "Гүлдер" ансамблі тіктіртіп берген. Бомбей қаласында 40 күн фестиваль Советской песни өтті. Қазақстаннан Бибігүл Төлегенова, "Мұрагер" ансамблі, мен және "Гүлдер" ансамблінің бишілері қатысты. 100 мыңдық стадионда күнде лық толы халық болатын. Союзға кіретін Республиканың өнер шеберлерімен өткен керемет 40 күн өте шықты. Мәскеуден Алла Пугачёва, бишілері, В.Леонтьев, Грузия, Армения, Әзербайжан би топтары болған еді. Бұл көйлек Шри-Ланка, бүкіл Қазақстан облыстарына киіліп, 1989 жылы "Медеу" айдынында "Алтын Алма" фестивалінде соңғы рет кидім. Мароккада болғанда да киілген", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары