05.09.2024, 13:00

«Дайын болмады»: Ерке Есмахан мен Райымның Америкадағы концерті өтпейтін болды

instagram.com/erkeesmahan

Қазір Америкада қыдырып жүретін едім. Әрине, барлығына шүкір!

Танымал әнші Ерке Есмахан мен Раймның Америкада өтеді деп жоспарлаған концерті кейінге шегерілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иелері қыркүйекте Американың төрт қаласында концерт берулері керек еді. 

“Айтпақшы, АҚШ-тағы концерттеріміз визамыздың дайын болмағанына байланысты ақпан айына ауысты. Қазір Америкада қыдырып жүретін едім. Әрине, барлығына шүкір", – деді Ерке Есмахан.

Еске салайық, осыған дейін эстрада жұлдыздары концертінің билет бағасын жариялаған еді.