Жаңалық көрсе қызығып, таңғалып тұрған келінім.
Атасының батасын сұрамай алған келінім.
Әнші Бүркіттің анасы, ақын Айша Көпжасарова келіні Аишаға арнап өлең жолдарын шығарды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақынның айтуынша, келіні Аиша өте әдепті, үлкеннің қас-қабағына қарап отырады.
«Артық қылық көрсетпей, қиылып тұрған келінім.
Жақсы ісімен таңданып, қызығып тұрған келінім.
Артық ауыз сөйлемей, сызылып тұрған келінім.
Қас-қабағын үлкеннің аңғарып тұрған келінім.
Жаңалық көрсе қызығып, таңғалып тұрған келінім.
Атасының батасын сұрамай алған келінім.
Абайлап сөйлеп, әдептен шыға алмай қалған келінім», – деді әншінің анасы.
ҚР Жазушылар одағының мүшесі Айша Көпжасаровның бұл өлеңін тыңдаған желі қолданушылары ақ тілегін жаудыра жөнелді.
«Қандай керемет ене?!», «Ене сіздей-ақ болсын!», «Сыйласып өмір сүретін отбасы екені көрініп тұр», «Аиша, жарайсың!» десті көпшілік.