08.09.2024, 17:30

Баян Алагөзованың бір образы 70 млн теңге ме? (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Сағаты 23 млн 350 мың теңге тұрады. 

Танымал продюсер Баян Алагөщованың киген киімі мен таққан әшекей-бұйымдарының құны қанша теңге тұрады? Бұл сұрақ бойынша Жансая Әміршәріпқызы талдау жасап көрді. Оның бағалауынша, Баянның бір образының құны шамаман 70 миллион теңгеге жуық, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желідегі парақшасын белсенді жүргізетін блогердің сөзіне құлақ түрсек, продюсердің үстіне киген джинси маталан тігілген күртеше «Prado» брендінен. Оның құны – 925 мың теңге. Майкасы да осы брендтен. Бағасы – 425 мың теңге. Ал туфлиі – «Jimmy choo» брендінен. Бағасы – 800 мың теңге.

Chanel брендінен алған сөмкесі – 2 млн 800 мың теңге. LV бренділі көзілдірігі 280 мың теңге тұрады.

Продюсердің таққан әшекейлері де ерекше қымбат тұрады. Алтынмен жасалып, гауһартаспен әрленген алқасы – Van Cleef зергерлік үйінің өнімі. Бір мотивілі Vintage Allhambra pendant моделі 4 млн 600 мың теңге тұрады. Ал 16 мотивімен 18 млн 700 мың теңгеге бағаланады. 

Қолындағы білезігі Сartier брендінен – 7 млн 350 мың теңге. Сағаты да дәл осы брендтен, 23 млн 350 мың теңге тұрады. Ал жылан формасындағы екі рет оралып, гауһар тастармен көмкерілген сақинасы Bulgari брендінен. Құны – 9 млн теңге. 

Сонымен Баян Мақсатқызының бір реттік киген киімінің құны – 68 млн 230 мың теңге.