Ол бостандыққа шыға сала анасымен қауышты.
Әлеуметтік желі арқылы танылып, әуесқой әнші атанған Мұрат Әбділда бостандыққа шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Блогердің адвокаты Молдахан Әділетхан әншінің анасымен қауышқанын айтты.
“Алматы-Шымкент бағытына ұштық. Мұрат Әблділданы шығарып аламыз”, – деді заңгер жеке парақшасында.
Сонымен қатар желі жұлдызын күтіп алуға анасы мен “Миллион” командасының жігіттері келген.
“Мен – Мұрат Әбділда. 2024 жылдың 9 қыркүйегінде бостандыққа шықтым”, – деді блогер-әнші.