09.09.2024, 19:20

Тамара Асар: Өнерге келген адамдардың пейілі лас

Фото: instagram.com/tamara_assar_official

Өнер — лас емес. 

Танымал әнші Тамара Асар өнер саласын «лас» дегендерге жауап қайтарды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шоу-бизнес өкілі әріптестерімен бірге болған отырыстардың бірінде өнер саласының ұғымын егжей-тегжейді айтты.

«Өнерді бәрі лас деп айтады. Өнер — лас емес, өнерге келген адамдардың пейілі лас. Сосын, өнер ластанады», – деді ол.