09.09.2024, 22:30

«Басымды қатырмаңдар»: Мақпал Жүнісова бүгінгі әрекетіне қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

Фото: @zhunusova.makpal

Мен де өлемін, мен мәңгілік емеспін.

Халық әртісі Мақпал Жүнісова таңда жариялаған видеосындағы сөздеріне қатысты халықтан кешірім сұрады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Құрметті ағайын, менің таңда айтқан сөзіме кешіріммен қараңыздар. Қазір маған әпкем қоңырау шалып "сен бізді ұятқа қалдырдың, менің сендей сіңлім бар болғанына өкінемін" деп, қатты сөздер айтып жатыр. Жарайды. Өмір сүре берсін. Мен де өлемін, мен мәңгілік емеспін. Сүлеймен де өлген, патшалардың бәрі өлген. Басымды қатырмаңдар. Кері қайтсаңдар, кері қайтып кетіңдер! Әкемнің аруағы қолдасын", – деді ол.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Мен мас емеспін»: Мақпал Жүнісова өзін жек көретіндерге үндеу жасап, жан сырын ақтарды (ВИДЕО)