$ 478.93  534.96  5.16

«Олар жазылған рөлді ойнап жүр»: Белгілі продюсер актерлерге араша түсті

Бір жылап, бір күліп көретін боласыздар.

Фото: instagram.com/gulnur_mamasaripova
Фото: instagram.com/gulnur_mamasaripova

Танымал кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желіде кино әлемінің сырын ашты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол жақында жарыққа шыққан жаңа сериал туралы айтып, актрисалар мен актерлерді сынайтындарға жауап берді. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында көлемді мәтін де жариялады. 

"Не ғой, осы мен кино түсірсем елдің бәрі разбор жасап кететіні несі? Байғұс, актерлер мен актрисаларды тура өмірдегідей, анандай қылып кетеді. Олар да жазылған рөлді ойнап жүр ғой", - деп жазды кинопродюсер. 

Гүлнұр Мамасарипова жақында ғана түсірілген "Күзде келген көктем" сериалы туралы айтып отыр екен. 

"Күзде келген көктем" үшін тұрып беремін негізі. Енді басталды ғой, жандарым-ау, шамалы уақыт беріңіздер. Бір жылап, бір күліп көретін боласыздар. "Келінжан" Келінжан болу үшін алты жыл кетті, 120 серия түсірілді. Үш сериядан кейін ондай нәтиже күтудің өзі... Жалпы бұл мүлдем басқа дүние ғой", - деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары