$ 494.87  520.65  4.91

«Бөпе болғанын енді байқадым»: Белгілі әзілкеш күйеуінің кішкентай көрінетінін мойындады

Жасқаншақтану дегенді ойламаппын да. 

Фото: іnstagram.com/merekusha.k
Фото: іnstagram.com/merekusha.k

Танымал жайдарманшы, актриса Мереке Қалбаева өзінен 6 жасқа кіші жолдасымен қыз бен жігіт болып жүргендегі кездерін бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әзіл әлемінің жұлдызы осыдан оншақты жыл бұрынғы фотоларын көрсетті. 

“Арсеннің бұрынғы түрі “потолок”, иә? Арықтығын қараңыздаршы. Бәйтеректің жанындағы бағана екеуі егіз сияқты. 30 келі салмақ тастап, өзгерген кезімде маған көп жігіт әңгіме айта бастады. Таңдау көбейіп кетті. Ал мен ол кезде Арсенмен жүріп жүрмін. Бірақ ешкімге айтпаймыз, себебі екеумізде "өтірік" деп ойлап жүрміз. Бір күні бір жігіт "Мен сені жақсы көремін, жүрейікші, үйленемін" деп қоймаған соң Арсенмен жүретінімді айттым. Ол Арсеннің түрін көріп, шок болып, "Бөпені не істемекшісің?" дегені есіме түсіп кетті. Ол кезінде байқалмаған, қазір қарасам, шынымен бөпе болған екен ғой. Мен Арсеннің қылтырықтай болғанына мүлде мән бермеппін. Жасқаншақтану дегенді ойламаппын да. Қалай бар, солай жақсы көргем ғой", – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 3
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары