$ 478.96  533.03  5.22

«Нөмерімді қыздарға бермеңдерші»: Сәкен Майғазиев Мейрамбек Бесбаевпен танысқан сәтін есіне алды

Өнер иесі Алматыға алғаш келгенін де айтып берді. 

Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz

“Музарт” тобының әншісі, Сәкен Майғазиев өнердегі әріптесі Мейрамбек Бесбаевпен танысқан кезін есіне алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі Алматыға алғаш келгенін де айтып берді. 

“Біз бозбала болып, мұрт шығып бастаған кезде, қыздарға енді хат жазып жүргенде оның бір сұхбатын оқып едім. "Өтініш, редакция, менің үй телефонымды, адресімді, мекенжайымды қыздарға бермеңіздерші" депті сұхбатында. Сол кезде мен таңғалған едім, “қыздардан қашатын бұл не деген жігіт?!” деп. Сөйтіп Алматыға алғаш келгенде "осы қалада Мейрамбек Бесбаев та тұрады ғой" деген керемет бір ассоциация қалып қойды", – деді Сәкен Майғазиев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 2
Күлкілі 5
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары