$ 478.96  533.03  5.22

Димаштың тыңдармандары концерттен кейін стадиондағы қоқысты жинады

Көрермендер арасында шетелдік қонақтар да болды. 

Фото: Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көрермендері мен қонақтары Димаш Құдайбергеннің «Астана Арена» стадионындағы концертінен кейін стадионды қоқыстан тазартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көрермендер арасында шетелдік қонақтар да болды, олар жанкүйерлердің белсенділігіне және олардың саналы көзқарасына таң қалды. 

Тазалық акциясына «Астана жастары» белсенділері, еріктілер, сол сияқты жанкүйерлер де қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, 13 және 14 қыркүйек күндері Астанада Димаш Құдайбергеннің ауқымды концерті өтіп жатыр. 80 елден 10 мыңнан астам тыңдарман келді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары