$ 480.63  535.13  5.27

«Еліміздегі мықты маман». Баян Мақсатқызы ЭКҰ-ның көмегіне жүгінген болып шықты (ВИДЕО)

Белгілі болғандай елге танымал маман құрметті қонақтар қатарынан болып, төрден орын алған.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Аз уақыттың ішінде қос бірдей сәбиін бауырына басқан Баян Мақсатқызының оқиғасына қатысты шындық жария болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы продюсердің тұңғышы Айсауле Бақытбек Instagram желісіндегі парақшасында айтты. 

Айсауле Бақытбек өз кезегінде Салтанат Берденқызына алғысын жаудырып жатыр. Бұл Баян Алагөзованың қызы Алисаның қырқынан шығару кезіндегі отырыста түсірілген. Белгілі болғандай елге танымал маман құрметті қонақтар қатарынан болып, төрден орын алған.

«Салтанат Берденқызы – анамның арманын орындауға ат салысқан жан. Қазақстандағы ЭКҰ бойынша бас дәрігер», - деді Айсауле Бақытбек.

Естеріңізге сала кетейік, Салтанат Берденқызы – қазақстандық репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымдарының докторы, қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының вице-президенті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 4
Күлкілі 11
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары