Дәл қазір эмоцияға толы сәт болады.
Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова әкесіне кезекті көлік сыйлағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Дәл қазір эмоцияға толы сәт болады. Өйткені мен әкеме кезекті жаңа көлік сыйлаймын. Бұл себепсіз сыйлық. Ал әкем ешнәрсе білмейді, қазір үйге қонаққа шақырдым. Осылай ата-анаңызды себепсіз қуанту әрқайсыңызға бұйыра берсін. Есеп бойынша нешінші көлік екенін білмеймін, әйтеуір 2-3 жыл сайын көлік жаңартамыз. Құдайға шүкір", - деді ол.