16.09.2024, 17:40

«Қатерлі ісікке күдік бар»: Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр берді

Фото: instagram.com/aidyn_nury/

Енді асқазанымды тексереді. Наркозға дайындап жатыр.

Айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр бергенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі ауруханада жатқан жерінен халыққа үндеу жасады. 

“Үш-ақ сағаттық ұйқымен ауруханаға келдім. Менің медициналық тексеруден өтіп жүргенімді білесіздер. Маған қатерлі ісікке күдік бар деп айтқан. Биопсия тапсырдым. Бірақ таза шықты. Аллаға шүкір! Енді асқазанымды тексереді. Наркозға дайындап жатыр”, – деп жазды айтыскер ақын.