Айтылмай жүрген шындық.
Әнші Ақбота Керімбекова ұлттық арнадағы түсірілім кезінде болған жағдайға наразылық білдіріп, жоба продюсері Динара Адамды дөрекі деп айыптағанын әріптестері де растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесін әріптесі Меруерт Түсіпбаева қолдап, музыкалық жобаларға бөлінетін қаражатты тексеруді талап етті.
“Бүгін Ақбота үндеу жасаған екен. Өте дұрыс. Шын мәнінде, кейбір продюсерлер – құдай, әртіс – құл болуға айналды. Ол біздің мемлекетте де бар. тендерге де қатысты. Айтылмай жүрген шындық. Барлық жоба мен шоуларға қатысқан әншілерге гонорар төленсе деймін. Ресейде эксперт болып отырған адамның гонорарын төлейді. Оны ешкім танымайды. Бірақ қатысқаны үшін қаламақысын алады. Біздің елде ондай жоқ. Сондықтан, Ақботаның сөзі рас. Оған қосыламын. Жағдай өзгерсе дейміз”, – деді өнер иесі.
Айта кетейік, Ақбота Керімбекова “Жұлдызды жұп” бағдарламасының продюсерімен сөзге келіп қалған еді.