17.09.2024, 17:40

«Бәрін жайып салсам, кіретін тесік таппайсың»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі мәлімдеме жасады

Фото: threads.net/@zhaksygen_n

Керек емес жерде сабыр қылғанның өзі – харам. Кәдімгідей ақыма кіріп тұр.

Танымал актер, әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмазқызы мәлімдеме жасады. Ол бұрынғы күйеуінің журналист Анна Данченкоға берген сұхбаты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол экс-күйеуінің сұхбатында айтқандары шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Мен бәрін ашып жайып салсам, жерге кіретін тесік таппай қаласың ғой. Оны өзің де білесің. Біреудің айыбын ашпа деген қағиданы қатты ұстанып едім. Бірақ ақыма кіріп жатыр. Шыдамның де шегі бар. Керек емес жерде сабыр қылғанның өзі – харам. Кәдімгідей ақыма кіріп тұр. Маған ауыр тиіп жатыр. Үндемеді деген сөз – білгенімді істеп, аузыма келгенімді оттай беру емес. Түнде сұхбатты көріп, қатты ауыр тиді. Соншалықты екіжүзді бола ма екен?! Таңертеңге дейін ұйықтай алмадым», – деп жазды блогер.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

«Жалақыңды бізге бересің»: Белгілі актер бұрынғы әйелінің айыптаулары негізсіз екенін айтты