Сатириктің өзінен 36 жас кіші екінші әйелі Әйгерім Асанова "Астарлы ақиқат" бағдарламасында қонақта болып, сұхбат берді.
Екі жыл бұрын қайтыс болған танымал қазақстандық сатирик Көпен Әмірбектің екінші әйелі оның бірінші отбасымен араласып тұратынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сатириктің өзінен 36 жас кіші екінші әйелі Әйгерім Асанова "Астарлы ақиқат" бағдарламасында қонақта болып, сұхбат берді. Бағдарлама танымал тұлғалардың өлімі туралы болды. Әйгерім Асанова күйеуінің күтпеген жерден қайтыс болғанын айтты.
"Ұзақ ауырмады. Біз өзіміз де тез кетіп қалады деп күтпедік. Асқазанына ота жасады. Соны көтере алмады", - деді әйелі.
Сұхбат барысында Әйгерім Асанова Көпен Әмірбектің екінші әйелі оның бірінші отбасымен араласып тұратынын айтты.
"Алланың алдында арым таза. Біреудің өмірін бұзғаным жоқ. Өзім әжемнің қолында өскеннен кейін болар, мектепте оқитын кезімнен үнемі үлкен адамға тұрмысқа шығамын деп айтатынмын. Әжем "түзу сөйле, сөздің киесі бар" деп ұрысатын. Солай өз тілімнен тапқаным ғой. Бірақ өкінішім де жоқ. Көпеннің бірінші отбасымен, балаларымен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Балалар бір-бірімен араласып тұрады. Кеше де бірге болдық. Алматыға отбасылық бір шараға келдік", - деді ол.