$ 492.14  528.85  5.01

«Өмірмен қоштасып жатқан едім»: Мақпал Жүнісова жазбасымен елді ойландырып қойды

Енді еркелемей тыныш жүремін. Бәріңізге басымды иіп алғыс айтамын!

Фото: Qazaqstan
Фото: Qazaqstan

Халық әртісі Мақпал Жүнісова атышулы видеосынан кейін көрінбей қалды. Бір аптадан кейін жеке парақшасына видео жариялап, сағынышқа толы әндерін бөлісті. Одан кейін қолдап жатқан халқына алғыс білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Сіздердің қолдауларыңыз мені жамандықтан сақтады. Өмірмен қоштасып жатқан едім. Көрер жарығым бар екен. Кешіріңіздер, жақсыларым! Енді еркелемей тыныш жүремін. Бәріңізге басымды иіп алғыс айтамын!”, – деп жазды әнші. 

Одан кейін журналист, әрі қоғам  белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы өнер иесінің қылығын сынады. 

"Жалғыз қалған әйел, әнші, ақын, жазушы, өнерпаз аз ба?! Бағланова, Төлегенова, Рымбаева, Есқалиева, Нұрмағамбетова, Құлышева, Самединова, Бибіажар... Әншілерден басқа, театр артистері қаншама! Ақын қыздар мен жазушы, журналист қыздар қаншама! Еркеліктің де жөні болады. 60-тан асқанша "ерке қызбын" деп, шолжаңдау – еркелік емес, ақымақтық...”, – деп жазды медиа маманы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 82
Ұнамайды 36
Күлкілі 11
Ашулы 16

Серіктес жаңалықтары