$ 488.11  530.09  5.01

«Қоңырау соқса да көтермедім»: Әкесімен көзі тірісінде араласпаған блогер оны кешіргенін айтып жылады (ВИДЕО)

Блогердің сөзінше, әкесі көзі тірісінде онымен араласпаған.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

TikTok желісінде кеңінен танымал блогер Алтын Думан әкесінен айырылып қалғанын айтып жыладыі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогердің сөзінше, әкесі көзі тірісінде онымен араласпаған.

Әкем бізді тастап басқаға үйленіп кеткен еді. Соңғы рет он төрт жыл бұрын көрдім. Сол кезде мені кешіріңдер деп жылаған. Кешіре алмаймын деген едім. Жақында хабарласқанда да тұтқаны алмап едім. Кешіріңдер мені деп жазып жіберген еді. Жауап жазбадым. Кешірдім, әке. Сен де мені кешірші, әкешім, - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Алтын Думанға бұл ісі дұрыс болмағанын жаза кетті.

«Кешіре алмаймын деп айтатын сен кімсің?», «Енді не үшін жылап отырсың?», «Адамның қадірін білу үшін міндетті түрде өлу керек пе?», «Ажырасқан әйелдер балаларын әкесіне қарсы қояды», «Естеріңде болсын, ана мен әкеге сендердің кешіргендерің керек емес», деп пікір білдірді жұрт.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 9
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары