$ 494.87  520.65  4.91

«Сүйінші»: Актриса Ақбота Сейітмағамбет ресми түрде есімін ауыстырды

Сүйінші, енді Бота ресми түрде Ақбота-Нұр.

Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Халыққа "Ақбота-Нұр" лақап атымен танылған Ақбота Сейітмағамбет ресми түрде есімін ауыстырды. Бұл жайында өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Кешью" тобының бұрынғы мүшесі жұртшылыққа су жаңа жеке куәлігін көрсетті.

"Сүйінші, енді Бота ресми түрде Ақбота-Нұр", - деп жазды ол.

Ал құжатта Ақбота Сейітмағамбеттің аты-жөні "Даирбек Ақбота-Нұр" деп көрсетілген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 2
Күлкілі 6
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары