Шомылдыруға арнайы медсестра келеді, өзіміз үйреніп алмағанша.
Жақында ана атанған блогер Мерей Абилова босанғаннан кейінгі өмірінің қалай өзгергенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желі жұлдызы оқырмандарымен сырласып, сұрақтарына жауап берді.
“Мен қазір қырқына дейін мама-папаның үйіндемін (ата-ене). Бұл ең дұрыс шешім болған екен. Бәрі жан-жақтан көмектеседі. Әсіресе маманың көмегі зор. Тамақ дайын (повар). Үй жинаулы. Педиатр үйге келеді. Шомылдыруға арнайы медсестра келеді, өзіміз үйреніп алмағанша. Менде қазір қалпыма келу және балаға қарау. Қазір ол көп ұйықтайды ғой, сол кезде мен де ұйықтап алуға тырысамын. Шыны керек, түнде дұрыс ұйықтай алмаймын", – деп жазды ол желіде.
Одан кейін танымал блогер жаңа туған сәбиге қандай есім бергенін де айтып өтті. Әлеуметтік желідегі оқырманы блогерден "Мариямның атын кім қойды?" деп сұрады.
"Мама (енем) осы есімді ұнатып, бізге кеңес берді. Біз келістік. Мариям әдемі есім ғой. Аружанның қызының атымен бірдей болғаны ештеңе етпейді деп ойлаймын", – деп жауап берді Мерей Абилова.