$ 495.2  522.34  4.94

«Әбден жерге қаратты»: Жүрсін Ерман Париж Олимпиадасында жеңілген спортшыларды сынады

Әбден жігерімізді құм қылып бітті. Не дейміз оған, бақ солай боп тұр ма, бап солай боп тұр ма? Әйтпесе, Лондон Олимпиадасында жеті алтын алдық па? 

Фото: instagram.com/kazyret_berdikhan
Фото: instagram.com/kazyret_berdikhan

Айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман Париж Олимпиадасында жеңіске жете алмаған қазақстандық спортшыларды сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, ол биыл жазда Париж Олимпиадасына қатысқан спортшыларымыздың шыққан сәтін тамашалаған.

Бұл туралы ақын «Кімнің есінде?» бағдарламасында айтты.

«Бұл Олимпиаданы жібермей, жабылуына дейін жатып көрдім. Көңіл қайдан толады? Қаншама қаржы шығарып жасалған дайындықтан бас-аяғы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола алдық. Бұл Олимпиадаға мүлде қарнымыз ашады. Әсіресе, біздің Қазақстанның спортшыларына келе бере, жете бере, бірдеңе жетпей қалып жатады. Су спортына дейін қарадым, таяна бергенде сүрініп кетеді, жетпей қалады. Әбден жігерімізді құм қылып бітті. Не дейміз оған, бақ солай боп тұр ма, бап солай боп тұр ма? Әйтпесе, Лондон Олимпиадасында жеті алтын алдық па? Ол дәуір өтіп кетіпті. Әсіресе, боксшыларымыз, палуандарымыз, еркін күрес шеберлері әбден жерге қаратып болды. Афина Олимпиадасында Артаевтың арқасында жалғыз алтынды әрең алып едік. Оған да зар болып қалдық. Елдос Сметов болмаса, елдің еңсесі түсер еді», – деді Жүрсін Ерман.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары