$ 488.11  530.09  5.01

«Заңды неке болған жоқ»: Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің әйелі тағы бір шындықтың бетін ашты

Мұсылманша үш рет талақ айтылды. Тіпті 10 рет айтқан шығар?!

Фото: instagram.com/zhaksygen_n
Фото: instagram.com/zhaksygen_n

Екі баласымен ажырасып кеткен актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс әйелі, интим-тренер Фариза Алмазқызы оқырмандарының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогер келіншек экс жұбайының алимент пен мүлікке қатысты сұрақты жауапсыз қалдырмады. “Нұрсұлтанның үйі бөліске түсті ме?” деген сұраққа да жауап берді.

“Бізде заңды неке болмаған. Мұсылманша үш рет талақ айтылды. Тіпті 10 рет айтқан шығар?! Ол ай сайын алимент төлеп отырғанын күшті көмектесіп жатырмын” деп ойлайды. Бірақ Айсұлтанның түзету орталығының ақшасы – 300 мың. Хамзанікі – 150 мың. Алимент – 127 мың теңге. Барға – қанағат, жоққа – сабыр деп жүрміз”, – деп жазды блогер келіншек. 

Сонымен қатар баласы үшін бәріне дайын аналар туралы да сыр шертті. 

“Балаларым үшін бәріне дайынмын. Әрбір ана баласы үшін тау қопаруға дайын. Менің күшім солардың болашағы, бақыты мен амандығы. Балаларымның күлкісі мен үшін шабыт. Қанша қиындық болса да, өзіме деген сенімім мен аналық махаббатым бәрінен күшті. Ана болу – қамқорлық емес, өмірлік мессия”, – деген ой тастады блогер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 21
Ұнамайды 0
Күлкілі 4
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары