25.09.2024, 12:40

«Ең қымбат актриса»: Баян Алагөзованың актриса ретіндегі гонорары қанша

Фото: @bayanmaxatkyzy

Киноның продюсері Айгүл Иманбаева құрбы екендерін айтып, актрисаға бір тиын да төлемеген.

Белгілі актриса, әнші Айгүл Иманбаева өнердегі әріптесі Баян Мақсатқызының бір фильмге қанша гонорар алатынын мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Екі өнер иесі «Көке» фильміне түскен. Киноның продюсері Айгүл Иманбаева құрбы екендерін айтып, актрисаға бір тиын да төлемеген.

«Масқара болғанда, Баянға бір тиын төлеген жоқпын. Жалпы Баян түсірілім алаңында күніне миллион теңге алады. Ең қымбат актриса. Бірақ Баянмен 25 жылдық достығымыз бар. «Айгүл, мен келемін» деді. «Мен сенің бір киноңа жоқ демедім» деп көзімді алартып бастап едім, «Жақсы, жарайды түсіндім, мен барамын» деді. Солай келді», – деді Айгүл Иманбаева.