$ 494.87  520.65  4.91

Ерке Есмахан: Қазақтың қызы, келіні, әншісі болғаным үшін шүкір айтамын!️ (ВИДЕО)

Қазақ болғаныңызға мақтанатын себептеріңіз қандай?

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Әнші Ерке Есмахан ұлттық нақыштағы киім киіп, Instagram-дағы парақшасына видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шоу-бизнес өкілінің видеосынан ұлтық нақышта киінгені, оюлы ақ дастарханды және көрпешелер әдемі көрініп тұр.

 Ал әншінің өзі видео астына ұлтқа деген сүйіспеншілікті дәріптеп, жазба қалдырды. 

«Қазақ болып тумағанда не етер ем?! Қазақтың таза қаны, діні, қазақы тәрбие, салт-дәстүрІ, қазақша өнер, тағамы, тіліміз, тарих, қазақша стиль, құндылық ұштасса, сол бақыт! Осының бәрін жақсы көремін! Өзім қазақтың перзенті, қызы, келіні, жары, анасы, әншісі болғаным үшін шүкір айтамын!️ Қазақ болғаныңызға мақтанатын себептеріңіз қандай?», - деп әнші оқырмандарын ойландырып қойды. 

Әлгі видеоны көрген көпшілік әншінің ұлтына деген құрметіне, махаббатына риза болып, оған ақ тілегін жаудырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары