27.09.2024, 12:20

«Дөкейлер тырнағын батырғысы келсе де...»: Жұлдыз Әбдікәрімова заңгерлерден көмек сұрады

Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Әділдік бар! Бастысы – ашық БАҚ-қа жазып отырыңыз.

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова өзін сан соқтырған алаяқпен соттаспақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Сот болады! Менің қорғаушыларым қобалжулы. Қарсы тарап – тамыр-таныстарын қосып, сотқа ықпал етуге әрекет етіп жатыр екен. Қанша жерден дөкейлерін қосып, тырнағын батырғысы келсе де, мен әділ сотқа сенемін. Менің оқырмандарым түрлі пікірде екен. Араларыңызда заңгерлер бар болса, кеңес берсеңіздер. Жазбаны жариялаймын. Ол үшін заңгерлермен ақылдасуым керек. Бәрін толық ашып жазамын», – деп жазды актриса желідегі парақшасында.

Ал оның желідегі оқырмандарының арасынан заңгерлер табылып, сот қатаң бақылауда екенін айтып, қолдау білдірді.

«Әділдік бар! Қорықпай, өз позицияңызда тұрыңыз! Бастысы – ашық БАҚ-қа жазып отырыңыз. Қазір бәрі қатаң қадағалауға алынған», «Заңгермін! Әділдік бар! Ашық сот отырысы болсын! Уайымдамаңыз», – деп пікір жазды заң саласының өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова соттасайын деп жатқанын мәлімдеген.