29.09.2024, 16:30

«Бақытты қаласаңыз, бақытпен бөлісіңіз»: Баян Мақсатқызы кенже қызын қырқынан шығарды (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

 Продюсер дастарқанды алмалармен безендірген.

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы және оның жары Тұрсен Алагөзов Алма есімді қыздарын қырқынан шығарды. Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында қырқынан шығару рәсімінен видеолар жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Продюсер дастарқанды алмалармен безендірген.

Баян және Тұрсен Алагөзовтер қыздарының қырқынан шығару рәсіміне туғандары мен жақын достарын шақырған. Қырқынан шығару рәсімінде қоржындар да таратылды.

"Бақытты болғыларыңыз келсе, болыңыздар! Бақыт сырттан келмейді, оны өзіңізден, жан дүниеңізден және сізді қоршаған нәрселерден табу керек! Бақытты қаласаңыз, бақытпен бөлісіңіз! Бүгін бақытты күн", – деп жазды Баян Алагөзова.