Жаңбыр да жалғыз» деген жаңа романс 3-4 күнде дайын болады.
ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова «Жаңбыр да жалғыз» деген жаңа романс жазып жатқанын айтып, тыңдармандарын қуантты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шоу-бизнес өкілінің айтуынша, романс таяуда дайын болатынын айтты.
«Бүгін жаңа романс жазып жатырмын. Бірінші тыңдарманым – Бауыржан Рахымбеков. Романстың әнін жазған Индира Елубаева, өлеңін жазған Айдар Сайлауов, өңдеген Мәди Айжанов. «Жаңбыр да жалғыз» деген жаңа романс 3-4 күнде дайын болады», – деген Мақпал Жүнісова.