$ 480.11  532.25  5.14

«Бұл жаңалықты әлі еш жерде жарияламадық»: Тәуекел Мүсілім қуанышымен бөлісті

Өнер иесі сүйінші жаңалығын Динара Сәтжанның Late night show бағдарламасында жария етті.

Фото: instagram/mussilim
Фото: instagram/mussilim

Қазақ кино саласының жарық жұлдызы Тәуекел Мүсілім жақында үшінші рет әке атанбақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі сүйінші жаңалығын Динара Сәтжанның Late night show бағдарламасында жария етті. Аталған бағдарламаға Тәуекел Мүсілім әйелі Махаббат Мүсіліммен бірге қонақ болды.

"Әйелім күнделікті уақытымның 70 пайызы балаларға кетеді деп шағымданып жүрген. Жақында 100 пайыз уақытын балаларымызға арнайтын болады. Себебі біз үшінші сәбиімізді күтіп жүрміз. Бұл жаңалықты әлі еш жерде жарияламадық. Сондықтан Динара Сәтжанның бағдарламасындағы эксклюзив жаңалық деп айтуға болатын шығар. Бірақ әлі ұл немесе қыз екенін білмейміз", – деді актер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары