01.10.2024, 16:20

Мейрамбек Бесбаев әйелі мен сәбиін перзентханадан шығарып алды (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынды

Мейрамбек пен Мархабат, балапанымыз инабатты, ақылды, білімді болып өссін!

Үшінші рет әке атанған Мейрамбек Бесбаев жары Мархабатты перзентханадан шығарып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қуанашты жаңалықты Сәкен Майғазиев жариялап, бір топ әріптестерінің перзентханаға барғанын желідегі парақшасында көрсетті.

«А-а-ал, қызымыздың бауы берік болсын! Мейрамбек пен Мархабат, балапанымыз инабатты, ақылды, білімді болып өссін. Сіздерге де жұғысты болсын», – деп жазды әнші. 

Еске салсақ, бұған дейін Мейрамбек Бесбаевтың әйелі босану процесі  және қазіргі жағдайы туралы айтқан.

«Қызымыз екеумізде бәрі жақсы. Қолымыз енді босап жатыр. Қаншама тілектер жазып жатырсыздар, алғысым шексіз. Әр әйелге жұғысты болсын. Мен кесарь тілігін жоспарладым. Өзің босансаң сол бойда ғана қиналып, кейін аттай шауып кетесің. Кесарь тілігіне түсіп, жансақтау бөлімінде жаттым. Келесі күні жүре алмай, қиналасың. Бірақ әркімнің ағзасы әртүрлі ғой. Бала теріс келіп тұрғасын, кесарь тілігін жоспарлады. Тіпті күнін де белгілеген едік, бірақ қызым жарық дүниеге келуге асықты. Мен арнайы емделіп, дайындалған жоқпын. ЭКО да жасатпадым. Алланың бізге берген үлкен сыйы», – деп жазған еді Мархабат.