02.10.2024, 15:40

«5 жыл бұрын білдім»: Әли Оқапов денсаулығының сыр бергенін айтты

Фото: instagram.com/okapovali

Қандай жағдай болмасын, мен өзіме сенемін және жаттығулар көмектеседі деп үміттенемін.

Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов дерті мазалап жүргенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, дисфония диагнозы қойылған. Бұл жайлы әнші бес жыл бұрын білген. Денсаулығының нашарлауы шамадан тыс жұмыс істеуінің кесірінен болған. 

«Қандай жағдай болмасын, мен өзіме сенемін және жаттығулар көмектеседі деп үміттенемін», – деп жазды Әли Оқапов.