02.10.2024, 13:40

«Жігіттерге сене бермеймін»: Балжан Бидаш жеке өмірінен сыр шертті

Фото: @bidash_official

Сонымен қатар бұрынғы тұрмыста болған жылдарына еш өкпесі жоқ екенін де жасырмады. 

Танымал әнші Балжан Бидаш жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі бұрынғы жұбайы актер Жахан Отарғалиевке қатысты сұрақты да жауапсыз қалдырмады. “Сен Жаханмен ажырасқалы мен махаббатқа сенбей қалдым” деген оқырман пікіріне жауап жазды. 

“Мен махаббатқа сенемін. Жігіттерге сене бермеймін. Қарым-қатынастан аздап үркіп қалғаным бар”, – деді әнші. 

Сонымен қатар бұрынғы тұрмыста болған жылдарына еш өкпесі жоқ екенін де жасырмады. 

“Сол кездегі Балжанды қатты-қатты құшақтап алғым келеді. Ешкімге өкпем жоқ. Керісінше, өмірімде болған жандардың бәріне мың алғыс. Солардың арқасында өмірдің құндылығын түсіндім. Бақыттымын”, – деді эстрада жұлдызы.