Өз бөлмесі дегенім ән жазатын студиясы ғой.
Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Раиммен қарым-қатынасы туралы тағы бір құпияның бетін ашты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әнші Instagram-дағы Stories бөлімінде оқырмандарының сұрақтарына жауап берген.
«Әркім өз бөлмесінде, бөлек жатасыздар ма?» деп сұраған оқырмандардың сұрағына әнші былай жауап берді.
«Өсек деген осындайдан шығады. Өз бөлмесі дегенім ән жазатын студиясы ғой. Уайымдамаңыздар, жабысып бір бөлмеде, бір жастықта, бірге жатамыз», — деді әнші.